ҚОҒАМ

Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

24 тамыз күні Шығыс Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Үлкен-Нарын ауылында шамамен 2 балл деңгейінде сезілген, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі 24 тамызда Астана уақытымен сағат 19:31-де тіркелген.

Жерасты дүмпуін «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының» сейсмикалық станциялар желісі анықтаған.

Сейсмологтардың дерегіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 257 шақырым қашықтықта орналасқан.

Дүмпу Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен-Нарын ауылында сезілген. Елді мекендегі сілкіністің күші шамамен 2 балл болған.

Мамандар жер сілкіністерін арнайы сейсмикалық станциялар арқылы тұрақты бақылауда ұстайды. Қазіргі уақытта аталған жерасты дүмпуіне қатысты қосымша мәліметтер нақтылануда.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61