Денсаулық

Зерттеу нәтижесі: Кофе өте қауіпті аурудың алдын алады

Ғалымдар кофенің 3 түрін зерттеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғалымдар адам өміріне аса қауіпті аурулардың алдын алатын кофе түрлерін анықтады

Кофе дәндерін қуырған кезде Альцгеймер және Паркинсон ауруының алдын алатын фенилиндан заты түзіледі, деп хабарлайды Крембиль зерттеу институты мен Торонто университетінің ғалымдары. Зерттеу нәтижелері ScienceDaily порталында жарияланды.

Жұмыс авторлары кофенің 3 түрін зерттеген: жеңіл-желпі қуырылған кофе, сонымен қатар қатты қуырылған, құрамында кофеині бар және кофеині жоқ кофе. Белгілі болғандай кофенің соңғы екі түрі қартайғанда ақыл-ой қабілетінің төмендеуінің алдын алады екен, демек Альцгеймер және Паркинсон сияқты дерттерден сақтайды. Және бұл жағымды қасиеті құрамындағы кофеинге емес, қуырған кезде түзілетін басқа қосылысқа байланысты.

Адам ағзасына пайдасы мол бұл зат фенилиндан антиоксиданты болып шықты. Ол ақыл-естің төмендеуіне әкеп соғатын нейрофибриллалар — амилоид түйіндерінің пайда болуына кедергі жасайды.

"Фенилинданның ерекшелігі сол, Альцгеймер және Паркинсон дерттеріне тән бета-амилоидтар мен тау-нәруыздарының жиналуынан сақтайтын жалғыз қосылыс", — деп атап өтті зерттеуші Дональд Уивер.

Дереккөз: ru/science