Саясат

Түлкібаста қарқынды бау көлемі жыл сайын артып келеді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданында жұмыс сапарымен болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Сапар аясында облыс басшысы Арыс ауылдық округіндегі «Ақсанат инжиниринг» ЖШС-нің туризм және балық шаруашылығы бағытындағы жұмысымен танысты. Аталған серіктестік бүгінде асылтұқымды жылқылар мен бекіре тұқымдас балық түрлерін өсірумен айналысады.


Сондай-ақ, облыс әкімі «Мөлдір» ЖШС-нің алма бауы мен қойма цехын аралап көрді.  Бүгінгі таңда қожалықтың жер көлемі – 1 134,4 гектар. Атап айтар болсақ, 154 гектарға – алма, 210,5 гектар жерге – жүзім, 230 гектарға – дәндік дақылдар, 104,4 га – майлы дақылдар, 491 га – жоңышқа егілген, ал 313,5 га – жайылым жер. 2015 жылы 110 гектар жерге интенсивті бау отырғызылған болса, 2018 жылы 600 тонна алғашқы өнім жиналған. Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан өңір басшысы бау көлемін ұлғайтып, жеміс түрін әртараптандыру қажеттігін айтты.

Сапар соңында аймақ басшысы «Кентау» ЖШС-нің алма бауы және қоймасына аялдады.  Алма сұрыптарымен танысқан облыс әкімі бау мен өнім көлемін арттыруда мемлекеттік көмек көрсетілетінін баяндап, жиналған өнімді қайта өңдеу жұмыстарына көңіл бөлу қажеттігін айтты.