СПОРТ

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ISU-дың жаңартылған әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 3918 ұпай бар, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2026/2027 жылғы маусымға арналған мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік рейтингін жаңартты. Ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров 3918 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Рейтингтің көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Оның көрсеткіші – 4590 ұпай. Екінші орында Жапония спортшысы Юма Кагияма 4123 ұпаймен орналасқан.

Шайдоров үшін бұл ISU рейтингіндегі ең үздік нәтижесі. Ол төртінші орында тұрған жапониялық Шун Сатоны 279 ұпайға басып озды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылғы Милан–Кортина қысқы Олимпиадасында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын. Осылайша ол Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61