СПОРТ

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады

Қазақстанда үш жастан асқан тұрғындардың жартысына жуығы дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылданады. 2026 жылы бұл көрсеткіш 47,7%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өскен,  деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұндай нәтиже 12 мың үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктемелі зерттеу барысында анықталған.

Зерттеу қорытындысы бойынша, 2026 жылы үш жастан асқан Қазақстан халқының 47,7%-ы спортпен немесе дене шынықтырумен айналысады.

Олардың 19,2%-ы бос уақытында өздігінен жаттығуды таңдаған. Ал 28,1%-ы білім беру ұйымдарындағы спорттық сабақтарға қатысады. Тұрғындардың 0,4%-ы спортпен кәсіби деңгейде айналысады.

Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш те артқан. 2025 жылы спортпен шұғылданатындардың үлесі 46,5% болса, 2026 жылы 1,2 пайыздық тармаққа өсіп, 47,7%-ға жеткен.

Спортқа қызығушылық қала мен ауыл тұрғындары арасында да әртүрлі. Қалалық жерлерде тұрғындардың 49,3%-ы дене шынықтырумен және спортпен айналысса, ауылдық елді мекендерде бұл көрсеткіш 45%-ды құрады.

Осылайша, статистика қала тұрғындарының спортпен айналысу белсенділігі ауыл халқына қарағанда жоғары екенін көрсетіп отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61