ҚОҒАМ

Сырдарияға батып кеткен ағайынды екі азаматтың да денесі табылды

Түркістан облысының Сауран ауданында 22 тамызда Сырдария өзеніне батып кеткен ағайынды екі азаматтың денесі табылды. Іздестіру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қайғылы оқиға Үшқайық ауылдық округі аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2002 жылы туған азамат суға түсуге тыйым салынған аумақта шомылып жүріп, өзенге батып кеткен.

Оны құтқаруға әрекет жасаған 1998 жылы туған ағасы да суға кеткен. Осыдан кейін құтқарушылар Сырдария бойында іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

24 тамызда 2002 жылы туған азаматтың денесі оқиға орнынан шамамен 6 шақырым жерден табылды. Ал 25 тамызда жүргізілген іздеу жұмыстары барысында екінші азаматтың денесі оқиға орнынан шамамен 30 шақырым жерден анықталып, судан шығарылды.

Іздестіру жұмыстарына 90-ға жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушылар арнайы техникамен қатар, жүзу құралдары мен дрондарды пайдаланды.

Құтқару қызметінің мәліметінше, Сырдария өзеніндегі іздестіру жұмыстары толық аяқталды. Оқиға салдарынан ағайынды екі азаматтың да қаза тапқаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61