ҚОҒАМ

Алматыда Ұлттық ұланның жаңа әскери қалашығы салынады

Алматыдағы «Самғау» ықшам ауданында Ұлттық ұланның жаңа әскери қалашығы бой көтереді. Аумағы шамамен 27 гектар болатын нысанның құрылысы қазір жүріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне арналған заманауи қалашық салынуда. Жаңа нысан «Самғау» ықшам ауданында орналасып, 27 гектарға жуық аумақты қамтиды.

Жоба аясында әскери қызметке қажетті бірнеше нысан қарастырылған. Оның ішінде әскери қызметшілерге арналған әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер, арнайы техникалар тұрағы, қоймалар және кинологиялық қалашық болады.

Қалашықтың инфрақұрылымы әскери бөлімнің күнделікті қызметін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей етіп жасалмақ.

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Жоба жүзеге асқаннан кейін әскери қызметшілер үшін заманауи әрі қажетті жағдай жасалады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61