Bugin
Алматы облысының таулы аймақтарының бірінде тамыздың соңында қар жауып, табиғаттың тосын мінезі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Ақкөл жайлауында түсірілген бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Алматы облысының Райымбек ауданындағы тауларда тамыз айында қар жауды. Сирек кездесетін табиғи құбылысты тұрғындардың бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Автордың айтуынша, кадрлар Райымбек ауданындағы Ақкөл жайлауында түсірілген. Бейнежазбадан биік таулы аумақта жердің ақ ұлпа қарға көмкерілгенін көруге болады.
Қардың тамыз айында жаууы көпшілік үшін күтпеген жағдай болды. Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының салқындап, кей жерлерде қар жаууы мүмкін екенін болжаған еді.
Таулы аймақтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты мұндай құбылыс жаз мезгілінің өзінде болуы ықтимал. Әсіресе биіктік артқан сайын ауа температурасы төмендей түседі.
Осылайша, Алматы облысының тауларында күзді күтпей-ақ алғашқы қар жауып үлгерді. Әлеуметтік желі қолданушылары болса, табиғаттың тосын сыйын әзілмен қабылдап, «қар күзгі жапырақтарды күтпей келді» деп пікір білдіруде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61