ДЕНСАУЛЫҚ

Атырау облысында тұрғыннан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды

Атырау облысының Исатай ауданында тұрғыннан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) анықталды. Науқас ауруханаға жатқызылып, қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында. Оның жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, Исатай ауданында тұратын әйелден қауіпті инфекция зертханалық талдау нәтижесінде расталған. Ол 12 тамызда медициналық мекемеге жатқызылған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, денсаулығында оң өзгерістер бар.

Науқаспен бірге болған отбасының тағы бір мүшесі дәрігерлердің бақылауына алынған. Оның КҚГҚ-ға жасалған ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар науқаспен байланыста болған барлық адамдар медициналық бақылауға алынды. Қазіргі кезде олардың ешқайсысында ауру белгілері байқалмаған.

Инфекцияның таралу ықтималдығын анықтау мақсатында мамандар аудан аумағындағы кенелер мен жануарларға зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша инфекция белгілері анықталмаған.

Аурудың нақты жұғу көзі әзірге белгісіз. Мамандар эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Қауіптің алдын алу мақсатында өңірде кенелерге қарсы акарицидтік өңдеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы көбіне кенелердің шағуы арқылы таралады. Сондықтан табиғат аясында болған кезде жабық киім кию, денені кенеге тексеру және жәндік шаққан жағдайда медициналық көмекке жүгіну маңызды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61