САЯСАТ

«Ауыл» партиясы Құрылтайдағы 10 депутатын бекітті

23 тамызда өткен сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясы Құрылтайдан 10 депутаттық мандат алды. Партияның өкілетті органы депутаттардың толық құрамын бекітіп, тиісті құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

«Ауыл» партиясы Құрылтайдағы өз фракциясын құрайтын 10 депутаттың кандидатурасын бекітті. Бұл шешім 23 тамыздағы сайлау қорытындысына сәйкес қабылданды.

Партия ұсынған депутаттардың тізімі төмендегідей:

1. Айтуғанов Қайрат Қапарұлы

2.Байманов Шахмардан Асқарұлы

3.Бегалиева Захира Оңғарбайқызы

4.Егізбаев Серік Рахметоллаұлы

5.Иргибаев Мұрат Саматұлы

6.Каджибекова Ажар Елемесова

7.Киян Владимир Сергеевич

8.Мұхаметов Алмас Ерекұлы

9.Райханова Динара Қуанышқызы

10.Токсеитова Рабига Альбековна

Партияның хабарлауынша, жаңа құрамның 60%-ын әйелдер, жастар және мүгедектігі бар азаматтар құрайды. Бұл Құрылтай құрамын әлеуметтік тұрғыдан әртараптандыруға бағытталғанын көрсетеді.

Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде саяси партиялар өздеріне тиесілі мандаттарға ие болды.

«Ауыл» партиясының өкілдері енді Құрылтай жұмысына қатысып, ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеруге басымдық бермек.

Депутаттарды тіркеуге қажетті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61