САЯСАТ
«Ақ жол» демократиялық партиясы Құрылтайдың жаңа құрамына кірген 8 депутатының есімдерін таныстырды. Партияның Саяси кеңесі Президиумы партиялық тізім бойынша алынған депутаттық мандаттарды бөлді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
«Ақ жол» демократиялық партиясының Саяси кеңесі Президиумы Құрылтайға партиялық тізім бойынша сайланған депутаттардың құрамын бекітті.
Партия атынан жаңа Парламент құрамына кіретін 8 депутат:
1.Дәурен Ахметжаев
2.Бақытбек Бибаев
3.Дания Еспаева
4.Асылхан Қожахметов
5. Юрий Ли
6.Олжас Нұралдинов
7.Мейраш Шынасилова
8.Ермекқали Юсупов
Партия өкілдерінің айтуынша, жаңа депутаттар Құрылтай жұмысына қатысып, «Ақ жол» партиясының бағдарламалық бағыттарын ілгерілетуге атсалысады.
Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» демократиялық партиясы 8 депутаттық мандатқа ие болды.
Құрылтай құрамына партиялық тізіммен өткен депутаттар заң шығару жұмысына қатысып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61