МӘДЕНИЕТ
Қазақстан мен Вьетнам кино, мәдени туризм және креативті индустриялар бағытындағы ынтымақтастықты күшейтуді көздеп отыр. Жаңа бірлескен бастамалар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты дамытуға бағытталмақ, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстан мен Вьетнам мәдениет саласындағы әріптестіктің жаңа бағыттарын талқылады. Мәселе Қазақстанның Вьетнамдағы Мәдениет күндері аясында өткен кездесуде көтерілді.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Ча екі ел арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды.
Кездесу барысында кино саласындағы бірлескен жобаларға, мәдени туризмді дамытуға және креативті индустриялар өкілдері арасындағы ынтымақтастыққа басымдық берілді. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау, дәстүрлі қолөнерді дамыту және шығармашылық сала мамандары арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктері сөз болды.
Тараптар мәдени бастамаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастырып, шығармашылық индустрия өкілдерінің өзара байланысын арттырудың маңызын атап өтті.
Аида Балаева Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәдени-гуманитарлық бағыттағы байланысты тереңдетуге қосымша мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Вьетнам өкілдері ортақ мәдени жобаларды іске асыруға және екі ел арасындағы мәдени байланыстарды кеңейтуге дайын екендерін растады.
Мәдениет күндері аясындағы іс-шаралар екі елдің өнері мен шығармашылық әлеуетін таныстыруға, сондай-ақ мәдени саладағы жаңа серіктестік бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61