Bugin
Непалдың Қытаймен шекаралас аймағында жойқын су тасқыны болып, елдің бірнеше ауданы зардап шекті. Соңғы мәлімет бойынша, кемінде 162 адам қаза тапқан. Құтқару жұмыстары жалғасып, жоғалған тұрғындар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Табиғи апат 26 тамызда Непалдың Қытаймен шекаралас аумақтарында болды. Қатты су ағыны таулы аңғарлар мен елді мекендерді басып, тұрғын үйлерді, көліктерді, жолдар мен көпірлерді шайып кеткен. Нувакот пен Расува аудандары табиғи апаттан қатты зардап шекті.
Непал полициясының мәліметінше, тасқын салдарынан кемінде 162 адамның денесі табылған. Бірнеше тұрғын жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді. Сонымен қатар жүздеген адамнан хабар-ошар жоқ.
Апаттың салдары көршілес Қытайдың Тибет аймағында да байқалды. Гиронг уезінде лай көшкіні жүріп, бірқатар нысан бүлінген. Бұл аймақта да зардап шеккендер мен жоғалғандар бар.
Алдын ала болжам бойынша, тасқынға Гималайдағы мұздықтың опырылуы себеп болуы мүмкін. Мұз бен тау жыныстары өзен арнасын бөгеп, жиналған судың күрт босап шығуы күшті тасқынға әкелген.
Непал армиясы мен құтқару қызметтері апат болған аудандарға арнайы топтар мен тікұшақтар жіберді. Жолдар мен көпірлердің зақымдануы кейбір елді мекендерге жетуді қиындатып отыр.
Сондай-ақ табиғи апат елдің энергетикалық инфрақұрылымына әсер етті. Бірқатар электр нысандары зақымданып, электр энергиясын өндіру көлемі төмендеген.
Қазір құтқарушылар жоғалған адамдарды іздеп, қауіпті аумақтағы тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61