Саясат

Төлеби ауданында тәулігіне 100 тонна асфальт-бетон өндіретін зауыт іске қосылады

Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы өте сәтті іске асуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында тәулігіне 100 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығаратын, жалпы құны 120 млн. теңгелік «Бірлік» ЖШС зауытының құрылысы. Аталған зауытта жаңа 20 жұмыс орны ашылады.


Бұдан бөлек, ауданға демалушыларды кеңінен тарту мақсатында  жалпы құны 400 млн. теңгені құрайтын «AISA», «Ақкен» және «Асем Тау» демалыс орындары іске қосылды. Үстіміздегі жылы Қасқасу ауыл округінен құны 500 млн. теңгеге «SAIRAM SU resort» 100 орындық демалыс орны мен Қоғалы ауыл округінде құны 100 млн. теңгеге саумал-сауықтыру кешенін ашылатын болады. Аталған кешеннің сиымдылығы 50 орынды құрайды. Сондай-ақ, Алатау ауыл округінде құны 150 млн. теңгеге «Таңсұлу» демалыс аймағының құрылысы, Кемеқалған ауыл округінде болса, құны 150 млн теңгеге «Алма-Тау» демалыс аймағынан қосымша құрылыс нысандарын салу жұмыстары жүретін болады.