ҚОҒАМ
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында құрылыс жұмыстары кезінде қайғылы оқиға болды. Беккөл ауылында автокран жоғары кернеулі электр желісіне тиіп, 38 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қайғылы жағдай 25 тамызда Беккөл ауылындағы салынып жатқан жеке тұрғын үйдің аумағында болған. Жүк көтеруге арналған автокранмен жұмыс істеп жүрген 38 жастағы жүргізуші ауыр заттарды көтеру кезінде кранның жебесін жоғары көтерген.
Кран жебесі жақын маңдағы жоғары кернеулі электр сымына тиіп кеткен. Соның салдарынан электр разряды пайда болып, жүргізуші тоқ соғуынан қаза тапқан.
Оқиға кезінде оның 31 жастағы әріптесі де зардап шекті. Ер адам электр доғасынан термиялық күйік алған. Ол Қызылжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.
Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда. Құрылыс және жүк көтеру жұмыстары жүргізілетін аумақтарда электр желілеріне жақын жерде қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Жоғары кернеулі сымдарға кез келген техниканың жақындауы адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61