СПОРТ

Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатында 26 медаль иеленді

Қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкентте өткен Орталық Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама жарысты 11 алтын, 9 күміс және 6 қола медальмен аяқтап, жалпы 26 жүлде еншіледі, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары бірнеше дисциплинада үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

Қазақстан құрамасының қоржынында 26 медаль бар. Оның 11-і алтын, 9-ы күміс, 6-уы қола жүлде.

Алтын медаль жеңіп алған спортшылардың қатарында Ұлболсын Есіркеп, Виктория Ан, Михаил Литвин, Алина Чистякова және Юлия Башманова бар.

Қазақстандық атлеттер секіру және лақтыру сайыстарында да жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, ұзындыққа және үш қарғып секіру, найза лақтыру, ядро серпу бағыттарында жүлдеге қол жеткізді.

Эстафеталық жарыстарда да қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, командалық есепке маңызды медальдар қосты.

Чемпионат Орталық Азия елдерінің үздік жеңіл атлеттерін бір алаңда жинап, спортшыларға халықаралық деңгейдегі тәжірибесін арттыруға мүмкіндік берді. Қазақстан құрамасының 26 жүлде алуы елдегі жеңіл атлетиканың әлеуетін көрсететін нәтижелердің бірі болды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61