БІЛІМ

Ualikhanov University-де стартап жобалар қалай дамып келеді?

Ualikhanov University-де студенттер мен университет қызметкерлерінің кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған Бизнес-инкубатор жұмыс істейді. Мұнда қатысушылар өз идеяларын жетілдіріп, команда құрып, алғашқы өнімдерін әзірлеп, жобаларын сарапшыларға ұсына алады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі таңда кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мамандарды даярлаудың маңызды бағыттарының біріне айналды. Студенттердің оқу кезінде өз идеясын жүзеге асырып көруі, команда жинауы және алғашқы өнімін әзірлеуі оларға теориялық біліммен қатар практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Ualikhanov University-дегі Бизнес-инкубатор 2021 жылы 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан StartUp Academy негізінде құрылған. Оның жұмысына студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен университет қызметкерлері қатыса алады. Бизнес-инкубатор Қазақстанның бизнес-инкубаторлар қауымдастығына да кіреді.

Идеядан жобаға дейін

Бизнес-инкубатордың негізгі бағыттарының бірі – StartUp Academy. Бағдарламада қатысушылар стартап әзірлеу, бизнес-модель қалыптастыру және жобаны дамытуға дайындау негіздерін меңгереді.

Сонымен бірге жобалардың дайындық деңгейіне қарай инкубация және акселерация бағдарламалары ұйымдастырылады. Олар бастапқы идеядан бастап MVP әзірлеген немесе жұмыс істеп тұрған бизнесі бар командаларға дейін қамтиды.

Жобаларды тәжірибеде сынауға мүмкіндік беретін StartUp Project байқауы Бизнес-инкубатор базасында жылына екі рет өтеді. Университет байқау жеңімпаздарының жобаларына негізгі инвестор ретінде қолдау көрсетеді.

Қазір инкубатор портфелінде түрлі бағыттағы жобалар бар. Олардың қатарында Senior Travel, LabKit, KazBiohumus, RoboRiseAcademy, CODE CHEC, NomadWay және білім беру саласындағы бастамалар бар. Мысалы, Senior Travel туристік және экскурсиялық бағдарламаларды дамытса, LabKit зертханалық жиынтықтар әзірлейді. RoboRiseAcademy робототехника мен балаларды бағдарламалауға оқытуға бағытталған. Ал CODE CHEC жасанды интеллект көмегімен бағдарламалауды үйретуге арналған шешім әзірлеуде.

AI жобаларына жаңа мүмкіндік

2026 жылы IT және жасанды интеллект бағытындағы стартаптарға да ерекше көңіл бөлінді. AI-SANA бағдарламасы аясында StartUp Academy қатысушылары командалар құрып, прототиптер әзірледі. Байқауға білім беру, бизнес, басқару және басқа салаларға арналған SynapsAI, WellAI, SmartLab AI, VoidX, EduAnalytics, aBRIGADA секілді жобалар ұсынылды.

Солардың бірі – AgroMind. Бұл Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған жасанды интеллект негізіндегі өнімділікті болжау жүйесі. Жоба университеттегі AI-жобалар байқауында 1,5 млн теңге көлемінде қолдау алып, дамуын жалғастырды.

Бизнес-инкубатор студенттерге идеяны нақты жобаға айналдырудың негізгі кезеңдерінен өтуге мүмкіндік береді. Қатысушылар білім алып, командамен жұмыс істеп, жобасын сынақтан өткізіп, сарапшылардың бағасын алады. Бұл олардың оқу барысында кәсіпкерлік тәжірибе жинауына және өз әзірлемесін нақты өнімге немесе жұмыс істейтін жобаға айналдыруына жол ашады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61