Bugin

Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азия экспортының 82%-ын қамтамасыз етті

2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экспорттың басым бөлігі Қазақстан мен Өзбекстанға тиесілі болды. Екі елдің өңірішілік экспорттағы жалпы үлесі 81,9%-ға жетті, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан Орталық Азия елдеріне тауар жеткізу көлемі бойынша өңірдегі көшбасшы позициясын сақтап отыр. 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның көршілес мемлекеттерге экспорты 28,5%-ға артып, 3,9 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіш Орталық Азиядағы жалпы өңірішілік экспорттың 58%-ын құрайды.

Өзбекстан да аймақтағы негізгі экспорттаушылардың бірі саналады. Қаңтар–маусым аралығында ел көршілес мемлекеттерге 1,6 млрд доллар көлемінде тауар жөнелтті. Өзбекстанның өңірішілік экспорттағы үлесі 23,9%-ды құрады.

Қазақстан мен Өзбекстанның жиынтық экспорты шамамен 5,5 млрд долларға жетті. Екі мемлекеттің көрсеткіштері Орталық Азиядағы сауда ағындарының едәуір бөлігі осы елдерге тиесілі екенін көрсетеді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыс та жоғары деңгейде сақталып отыр. Есепті кезеңде екі ел арасындағы тауар айналымы 2,8 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш Қазақстан мен Өзбекстанның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктестері ретіндегі орнын айқындайды.

Екі ел арасындағы сауда көлемінің өсуіне географиялық жақындық, қалыптасқан көлік-логистикалық байланыстар және өзара сауда қатынастарының кеңеюі әсер етеді. Қазақстан мен Өзбекстанның экспорттық белсенділігі өңірдегі экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бөлігін қалыптастырып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61