САЯСАТ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайдың кандидатурасын Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламенті – Құрылтай төрағасы қызметіне ұсынды. Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибесін және кәсіби қасиеттерін атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың отырысында Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын Құрылтай төрағасы қызметіне ұсынды.
Президент Айбек Дәдебайды депутаттар жақсы білетінін айтып, оның мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жылдар еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтағанын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Дәдебай қызмет барысында өзінің білімді, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін ісімен көрсете алған.
«Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деді Президент.
Тоқаев Құрылтай депутаттарын Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдауға шақырды.
Айта кетейік, жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайдың алғашқы құрамын жасақтау елдегі саяси жүйені жаңғырту үдерісінің маңызды кезеңі саналады. Құрылтайдың алдында заңнаманы жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіру және ел дамуына қажетті бірқатар заңнамалық бастаманы қарау міндеті тұр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61