САЯСАТ
Мемлекет басшысы жаңадан сайланған Құрылтай алдында Олжас Бектенов басқаратын Үкіметтің өкілеттігін тоқтатты. Үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанға дейін Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері өз міндеттерін атқара береді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото:gov.kz
Қазақстан Үкіметі жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатты. Үкіметті Премьер-Министр Олжас Бектенов басқарады.
Бұл рәсім Конституцияның 69-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Қолданыстағы тәртіп бойынша жаңадан сайланған Құрылтайдың алдында Үкімет өз өкілеттігін доғарады. Алайда жаңа Үкімет толық жасақталғанға дейін Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметтік міндеттерін орындауды жалғастырады.
Жаңа Конституцияға сәйкес, Премьер-Министрді Президент тағайындайды. Ол үшін Мемлекет басшысы алдымен Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялардың фракцияларымен консультация өткізеді.
Консультациялардан кейін Президент Премьер-Министр лауазымына кандидатураны Құрылтайдың қарауына ұсынады. Кандидатураны депутаттардың жалпы санының басым көпшілік даусымен мақұлдау қажет.
Құрылтай келісім берген жағдайда Мемлекет басшысы Премьер-Министрді ресми түрде қызметке тағайындайды.
Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін Үкіметтің жаңа құрылымы мен құрамы жасақталады. Премьер-Министрге Үкіметтің құрылымы мен құрамы жөніндегі ұсынысты Президентке он күн ішінде енгізу міндеті жүктелген.
Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуы мемлекеттік билік органдарын жаңа конституциялық талаптарға сәйкес қалыптастыру рәсімдерінің бір бөлігі болып саналады. Жаңа құрам бекітілгенге дейін қазіргі Үкіметтің жұмысы үздіксіз жалғасады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61