ҚОҒАМ

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағы өртенді: бір қызметкер жарақат алды

Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan ұшағында жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде өрт шықты. Оқиға салдарынан Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: FlyArystan

Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағында техникалық жұмыстар жүргізу кезінде өрт шықты. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметі растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға жоспарлы жұмыстар барысында болған. Ұшақта жергілікті деңгейде өрт тұтанып, оны әуежайдың жедел қызметтері қысқа уақытта сөндірген.

Өрт кезінде Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханадан шығарылған.

Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар мен экипаж мүшелері болмаған.

Қазіргі уақытта ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61