САЯСАТ

Құрылтайда 8 комитет құрылды: олардың төрағалары тағайындалды

Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламенті – Құрылтайда 8 комитеттің құрамы мен басшылығы бекітілді. Комитеттер заң шығару жұмысындағы негізгі бағыттар бойынша қызмет атқарад, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: akorda.kz

Құрылтайдың жалпы отырысында сегіз комитет құру туралы шешім қабылданды. Әр комитет белгілі бір салаға жауап береді және депутаттардың заңнамалық жұмысын ұйымдастырады.

Комитет төрағалары ретінде мына депутаттар бекітілді:

1.⁠ ⁠Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті – Серік Егізбаев;
2.⁠ ⁠Әлеуметтік даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;
3.⁠ ⁠Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті – Үнзила Шапақ;
4.⁠ ⁠Қаржы және бюджет комитеті – Ольга Перепечина;
5.⁠ ⁠Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті – Әмірбек Оспанбеков;
6.⁠ ⁠Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Марат Қожаев;
7.⁠ ⁠Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті – Дархан Ахмедиев;
8.⁠ ⁠Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті – Наталья Годунова.

Комитеттер Құрылтайдың салалық бағыттар бойынша заң жобаларын қарауына, ұсыныстар әзірлеуіне және тиісті мәселелерді талқылауына қатысады.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61