Weekend
Атақты өнертапқыш өмірінің үзік сырлары
Томас Эдисон деген кім?
Томас Альва Эдисон 1847 жылдың 11 ақпанында АҚШ-тың Огайо штатындағы Милан қаласында дүниеге келген. Ол Кіші Сэмуэль Эдисон және Нэнси Эллиот Эдисонның отбасындағы жетінші баласы және кенжесі. Оның анасы Нэнси, дінбасының қызы, үйінде жақсы тәрбие мен білім алған кісі.
1854 жылы Эдисондар Мичиган штатындағы Порт-Гуронға көшеді. Осы жерде Томас Альва үш ай бойы мектепке барады. Бұл оның өміріндегі ерекше кезеңдердің бірі болады. Томас Эдисон көп заттарға қызығушылық таныта бастайды.
Күндердің бір күнінде Томас Эдисон мектептен үйіне оралып, бір парақ қағазды анасына ұсынып: "Менің ұстазым бұл құжатты сізге беруге тапсырып, сіз оқып береді деп айтты", – деген сөздерді айтады. Қағазды оқыған анасының көзіне жас үйіріліп:
"Сіздің ұлыңыз гений. Ол біздің мектепте оқи алмайды, бізде оған лайықты ұстаздар жоқ. Сол себепті, оны өзіңіз оқытыңыз", – деген сөздерді, ол дауыстап оқиды.
Осы кезден бастап, анасы оны үйінде оқытып, алғашқы білімді береді.
Анасы қайтыс болғаннан кейін көп уақыт өте келе Эдисон шкаф сөрелерін тексеріп жатып, осы хатқа кезігеді. Хатты ашқан Эдисонның көзі келесі сөздерге ілігеді:
"Ұлыңыздың ақыл есі кем болғандықтан, біздің мектеп, оны енді оқыта алмайды".
Эдисон бұл сөздерді оқып болып, өзінің күнделігіне былай деп жазған екен:
Томас А.Эдисон ақыл есі кем бала болатын, алайда анасы оны ғасырдың генийіне айналдырды.
Томас Эдисонның ойлап тапқан құрылғылары
Томас Эдисон өмір бойы 1093 құрылғыға патент алған: оның 389-ы электрлі жарықтандырумен, 195-і фонографпен, 150-і телеграфпен, 141-і аккумулятор және 34-і телефонмен байланысты.
Ең атақты ойлап тапқан құрылғысы – электр шамы. Оны ойлап табу барысында кейбір деректер бойынша 1000 түрлі эксперимент жасаған.
1914 жылы 10 желтоқсанда, өнертапқыштың жұмыс орны орналасқан фабрикада үлкен жарылыс болып, өртенеді. Химикаттар қосылған өртті өшіру қиынға соғады. Эдисон болса, өрттің көптеген жұмыстарын күлге айналдырып жатқанына қарап тұрған екен.
Оның 24 жастағы Чарльз қасына келген кезде Эдисон былай депті:
– Барып анаң мен достарыңды алып кел. Олар мұндай жалында енді көре алмас, – депті.
Әкесінің бұндай сөздерін күтпеген Чарльз:
– Біздің зауыт түгелімен өртенді ғой, әке, – деп сұрапты.
Томас Эдисон, салқынқандылық танытып:
– Иә, біздің зауыт түгелімен өртенді. Бірақ онымен қоса біз жасаған барлық қателіктер де өртенді. Біз ертеңнен бастап бәрін жаңадан бастаймыз, – деп жауап беріпті деседі.
Томас Эдисонның қанатты сөздері
Мен жеңіліс тапқан жоқпын, мен тек 10000 жұмыс істемейтін тәсілді таптым.
Кейбір өмірдің сәтсіздіктерінде адамдар табысқа қаншалықты жақын болғанын сезбейді.
Гений дегеніміз – 1% шабыт пен 99% тер.
Томас Эдисон кейбір деректер бойынша, күніне 20 cағаттан жұмыс істеген. Ол өзінің құрылғыларын ойлап таппас бұрын, қаншама қиындықтарға ұшырап, қателескен. Бірақ, өз-өзін жеңе білген адам.
Бәрі өз қолымызда. Өз өмірімізді, өзіміз ғана өзгерте аламыз.