ДАМУ

Қызылордада жаңа инновациялық шығармашылық орталық салынады

Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында 360 орындық инновациялық шығармашылық орталық салынады. Құны 7 млрд теңге болатын нысан 2027 жылы пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қызылордада балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастырып, заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік беретін жаңа орталық бой көтереді. Құрылысы биыл басталатын нысан 360 балаға арналған.

Бұл туралы облыс әкімі Мұрат Ергешбаев білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясында айтты.

Жаңа орталықта балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, техникалық бағыттағы білімін жетілдіруге және заманауи дағдыларды меңгеруіне жағдай жасалады.

Бұған дейін қалада «Сыр жұлдыздары» шығармашылық орталығы ашылып, балалардың бос уақытын тиімді өткізетін қосымша білім беру ұйымына айналған еді. Жаңа орталық осы бағыттағы мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Өңірде білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. 2022 жылдан бері 121 млрд теңгеден астам қаржыға 46 заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде облыстағы үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді.

Биыл «AI-Kerim» балалар білім беру-сауықтыру орталығы іске қосылып, жыл сайын 8 400 баланы робототехника, бағдарламалау, инженерлік жобалау секілді бағыттарға баули бастады. Ал Ботаникалық білім беру орталығында оқушылар биология, экология және ботаника салаларын тәжірибе жүзінде меңгеруде.

Жаңа шығармашылық орталықтың ашылуы балалардың қосымша білім алуына және бос уақытын пайдалы өткізуіне жаңа мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61