САЯСАТ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұған дейін оның кандидатурасы Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттардың қарауына ұсынылған. Дауыс беру нәтижесінде 137 депутат қолдау білдірсе, 7 депутат қалыс қалды.
Олжас Бектенов Үкіметті 2024 жылдың ақпан айынан бері басқарып келеді. Премьер-Министр лауазымына дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.
Үкімет басшысы алдағы уақытта елдің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыруға, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуге және экономиканың тұрақты дамуына бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Премьер-Министрді тағайындау жаңа шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы отырысында қаралған негізгі мәселелердің бірі болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61