ҚОҒАМ

2027 жылы Қазақстанда МРП пен зейнетақы мөлшері қанша болады?

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті қайта қарау жоспарланып отыр. Қаржы министрлігі республикалық бюджет туралы заң жобасында МРП, зейнетақы және ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшерін ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қаржы министрлігі «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірнеше негізгі көрсеткіш өзгереді.

Ұсынылған мөлшерлер:

  • Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге. Бұл көрсеткіш 2026 жылғы деңгейде қалады;
  • Айлық есептік көрсеткіш (МРП) – 4 693 теңге. 2026 жылы оның көлемі 4 325 теңге;
  • ⁠Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 38 622 теңге. Биыл – 35 596 теңге;
  • ⁠Ең төменгі зейнетақы – 74 919 теңге. 2026 жылы бұл көрсеткіш 69 049 теңге;
  • Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі – 55 173 теңге. Биылғы мөлшері – 50 851 теңге.

Зейнеткерлік жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдерін қаржыландыру көлемі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап оларды 8,5%-ға арттыру ескеріліп есептелген.

Сонымен қатар 2027 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) мемлекет төлейтін жарна мөлшерін ұлғайту ұсынылып отыр. Жобаға сәйкес, ол жарна есептеу объектісінің 2,2%-ын құрайды.

Құжат қазіргі уақытта қоғамдық талқылауға шығарылды. Заң жобасына қатысты ұсыныстар мен пікірлерді 5 қыркүйекке дейін беруге болады.

Ұсынылған көрсеткіштер заң жобасы қабылданып, тиісті нормалар бекітілген жағдайда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61