САЯСАТ

Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың дамуын атап өтті

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанмен арадағы екіжақты байланыстың негізгі бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Мемлекеттер басшылары сауда, инвестиция және бірлескен жобаларды талқылады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: TACC

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықтың қазіргі қарқынына оң баға берді.

Оның айтуынша, екі ел арасындағы байланыстар экономикадан бастап гуманитарлық салаға дейінгі көптеген бағытта нығайып келеді. Мемлекетаралық сауда көлемінің өсуі байқалып, үкіметаралық комиссияның жұмысы белсенді жүргізілуде. Гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге де ерекше көңіл бөлініп отыр.

Владимир Путин Ресейдің жоғары оқу орындарында Қазақстаннан шамамен 60 мың студент білім алып жатқанын атап өтті. Сонымен бірге Омбы қаласында қазақстандық жоғары оқу орнының филиалы ашылғанын жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік мәселелері қаралды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық энергетика, өнеркәсіп, көлік, білім, ғылым және мәдениет салаларын қамтиды. Екі ел экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61