ДАМУ
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының мамандары қыркүйекте Қытайға барып, агроөнеркәсіп кешеніне енгізілген заманауи технологиялар мен жаңа тәсілдерді зерттейді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қыркүйек айында Қазақстаннан бір топ ауыл шаруашылығы маманы Қытайда арнайы оқу бағдарламасына қатысады. Сапар барысында олар Қытайдың аграрлық сектордағы тәжірибесімен танысып, саладағы заманауи шешімдерді меңгереді.
Мамандарға арналған бағдарлама алты бағыт бойынша ұйымдастырылады. Оның ішінде ауыл шаруашылығын цифрландыру, ветеринариялық бақылау, мал шаруашылығы және экологиялық егіншілік мәселелері қамтылған. Сонымен қатар қатысушылар агросаладағы басқа да технологиялық шешімдерді зерделейді.
Оқу курстарына Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері мен ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің мамандары қатысады.
Қазақстандық делегацияның Қытайдағы оқуына байланысты шығындардың барлығын қытай тарапы өтейді.
Бағдарлама мамандардың кәсіби білімін жетілдіруге, Қытайдың аграрлық секторда қолданатын тиімді тәжірибесін зерделеуге және оны Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруға бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61