САЯСАТ

Тоқаев ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы жиында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына қонақжайлығы мен саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесудің Қырғызстан мен Өзбекстан үшін маңызды тарихи даталар тұсында өтіп жатқанын атап өтті. Биыл екі ел де тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтуде.

Президент Қазақстан атынан Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті осы айтулы мерекемен құттықтап, бауырлас халықтарға амандық пен одан әрі өркендеу тіледі.

ШЫҰ саммиті аясында ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық және көпжақты байланыстарды дамыту бағыттарын қарастыруда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Бішкекке жұмыс сапарымен барды. Президент ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің 26-отырысына қатысып, ұйым аясындағы бірқатар маңызды мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын таныстырады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61