Спорт

Жозе Моуриньо қай клубқа бапкер болуы мүмкін?

«ПСЖ», «Рома» әлде «Селтик»?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Португалиялық бапкер Жозе Моуриньо мансабын жалғастырудың түрлі жолдарын қарастыруда.

Томас Тухель жұмыстан кетсе "ПСЖ"-да жұмыс істеуді қарастырады, алайда француздық клубпен байланыс орнатпады. Бірақ, "Ромамен" келіссөздер жүргізіп жатыр, –деп хабарлайды L’Equipe.

Моуриньо "Селтикті" де басқаруы мүмкін. SKY-дың мәліметінше, глазголық клуб оған ұсыныс жасаған.

Осы жылдың ақпанында "Селтик" бапкері Брендан Роджерс "Лестерге" кеткен болатын. Сол себепті, маусымның соңына дейін уақытша бапкер ретінде Нил Леннон тағайындалған.

Ендігі жерде "Селтик" тұрақты түрде команданы басқаратын бапкер іздестіруде. Сондай бапкер Моуриньо болуы мүмкін.