ҚОҒАМ

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды: 23 мыңға жуық азамат қызметке аттанады

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсан айының соңына дейін 18-27 жас аралығындағы шамамен 23 мың ер азамат мерзімді әскери қызметке жіберіледі, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: smartnews.kz

Қазақстанның қалалары мен аудандарында әскерге шақыру комиссиялары жұмысын бастады. 2026 жылдың соңына дейін денсаулығы жарамды және кейінге қалдыру немесе әскери қызметтен босатуға негізі жоқ 18-27 жастағы азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскерге шақырылатын азаматтардың 12 мыңнан астамы Қарулы күштер қатарын толықтырады. 7 мыңға жуық жас Ұлттық ұланда, 3 мың азамат ҰҚК Шекара қызметінде қызмет етеді. Сонымен бірге 400-ден астам азамат Төтенше жағдайлар министрлігіне, 300-ге жуық жас Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі.

Әскерге шақыру және әскери есепке алу үдерістерінің басым бөлігі цифрлық форматқа көшірілген. «Цифрлық шақыру» жүйесі мен «Smart военкомат» жобасы арқылы азаматтарға бірқатар мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетіледі.

Атап айтқанда, тұрғылықты жерін ауыстырған кезде әскери есепке қою, 17 жастағы азаматтарды әскери есепке тіркеу, сондай-ақ әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату қызметтері автоматтандырылған.

Әскери есепке қатысты барлық ақпаратты азаматтар eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы көре алады. Бұл жүйе шақыру рәсімдерін жеңілдетіп, қажетті мәліметтерді онлайн алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61