ҚОҒАМ

Қазақстанда 2027 жылдан бастап зейнетақы 8,5%-ға артуы мүмкін

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға көтеру жоспарланып отыр. Алайда әзірге көрсетілген сомалар түпкілікті бекітілген жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: БЖЗК

Қазақстанда келесі жылдан бастап зейнетақы төлемдерін арттыру ұсынылды. Бюджет жобасына сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері 8,5%-ға өседі деп жоспарланған.

Жаңа есептеулер бойынша, ең төменгі базалық зейнетақы 38 622 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы 74 919 теңгені құрауы мүмкін. Өсім жасына және еңбек өтіліне байланысты төленетін сомаларға да әсер етеді.

Базалық зейнетақының орташа мөлшері алдағы жылдары кезең-кезеңімен ұлғаяды деп күтілуде:

2027 жылы – 59 мың теңге;

2028 жылы – 62,8 мың теңге;

2029 жылы – 67 мың теңге.

Ынтымақты зейнетақының орташа мөлшерін де арттыру көзделген. Жоспар бойынша ол 2027 жылы 111,6 мың теңге, 2028 жылы 118 мың теңге, ал 2029 жылы 124,7 мың теңгеге жетуі мүмкін.

Сонымен қатар бұл көрсеткіштер әзірге бюджет жобасында ұсынылған жоспарлы сомалар екенін ескерген жөн. Құжат 5 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады. Сондықтан нақты мөлшерлер кейін өзгеруі мүмкін.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61