ҚОҒАМ

Алматы әуежайында 32 келіден астам есірткі тәркіленді

Тамыз айында Алматы әуежайында шекарашылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Қазақстанға есірткі әкелуге жасалған үш әрекетті тоқтатты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Әуежай

Алматы халықаралық әуежайында есірткі тасымалдаудың үш фактісі анықталды. Оқиғалар тамыз айында болған.

ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері шетел азаматтарының жүгін тексеру кезінде марихуана, каннабис шайыры және гашиш майын тапқан. Есірткі заттары косметикалық өнімдерге ұқсайтын арнайы ыдыстарға жасырылған.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың жалпы салмағы 32 келіден асқаны анықталды.

Анықталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.

Құзырлы органдар әуежайларда жолаушылардың багажын тексеру арқылы есірткі заттарының ел аумағына заңсыз әкелінуіне тосқауыл қою жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61