ДАМУ
2024–2025 жылдары Қазақстанда пайдалы қазбалардың 54 жаңа кен орны анықталып, мемлекеттік балансқа енгізілді. Олардың басым бөлігі қатты пайдалы қазбаларға тиесілі, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда соңғы екі жылда жаңа кен орындарын барлау және есепке алу жұмыстары жүргізілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы мемлекеттік есепке 35 кен орны алғаш рет енгізілген.
Олардың ішінде 23 кен орны қатты пайдалы қазбаларға, 6-уы көмірсутек шикізатына және тағы 6-уы жерасты суларына қатысты.
2025 жылы мемлекеттік балансқа тағы 19 жаңа кен орны қосылды. Оның 17-сі қатты пайдалы қазбаларға, біреуі көмірсутек шикізатына және біреуі жерасты суларына тиесілі.
Екі жылдағы геологиялық барлау нәтижесінде бірқатар пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары да артқан. Атап айтқанда, алтын қоры 157,2 тоннаға, күміс 9,4 мың тоннаға, мыс 122,7 мың тоннаға көбейген. Сонымен қатар хром, мырыш, қорғасын, темір, марганец және фосфор рудалары бойынша да қосымша қорлар анықталған.
Көмірсутек шикізаты бойынша 199 мың тонна мұнай және 22 млрд текше метр газ көлеміндегі қор есепке алынған. Жерасты суларының қоры тәулігіне 104,1 мың текше метрге артты.
Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік балансында пайдалы қазбалардың түрлі түрлері бойынша шамамен 10 мың кен орны тіркелген.
Жаңа кен орындарының анықталуы елдің минералдық-шикізат базасын толықтыруға және тау-кен өндірісінің дамуына мүмкіндік береді. Геологиялық барлау жұмыстары пайдалы қазбалардың қорын нақтылап, олардың экономикалық әлеуетін бағалауға бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61