СПОРТ

Қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынап жатыр

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстаннан 152 спортшы қатысып жатыр. Ел құрамасы спорттың 42 түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Халықаралық жарысқа әлемнің түрлі елдерінен спортшылар жиналып, ұлттық спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтап жатыр.

Қазақстан құрамасы ойындарға 152 спортшымен қатысып, 42 спорт түрінен ел намысын қорғайды. Ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын кокпардан әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Тұрғанбек Құрманбек алып шықты.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар ордо (асық ату), тоғызқұмалақ, күреш, гореш және моңғолдың бох күресі бойынша сайысқа түсті.

Тоғызқұмалақтан жарыс 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал ордоның финалдық бәсекелері 2 қыркүйекте өтеді. Бұл спорт түрінде Қазақстан атынан сынға түскен Амангелді Ерасыл мен Мадияр Абдрахманов қарсыластарына есе жіберді. Бұдан бөлек, күрестің тағы үш түрінен жарыстар аяқталды.

2 қыркүйекте қазақстандық спортшылар бірнеше ұлттық спорт түрінен жарысты жалғастырады. Бағдарламада кокпар, көкбөрі, аударыспақ, алыш, оваpи, мангал, тоғызқұмалақ, ат марафоны, ордо, қыран құспен аң аулау, садақ ату, масс-рестлинг, арқан тарту, сумо және басқа да спорт түрлері бар.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спортты дамытуға, дәстүрлі ойындарды халықаралық деңгейде танытуға және әр елдің спортшыларын бір алаңда тоғыстыруға бағытталған. Биылғы дода Қырғызстанда өтіп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61