Bugin

Қазақстанда сирек металдардың 935 мың тоннадан астам қоры анықталды

Қазақстанның перспективалы аумақтарында сирек және сирек жер металдарының 935,4 мың тоннадан астам қоры анықталды. Геологиялық барлау жұмыстары стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалардың қорын толықтыруға бағытталған, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда өнеркәсіп пен жоғары технологиялық өндірістерге қажетті пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары жалғасып жатыр. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, геологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарының бірі – елдің минералдық-шикізат базасын кеңейту.

Барлау жұмыстары алтын, мыс, полиметалдармен қатар литий, вольфрам, молибден және сирек жер металдарын қамтиды. Бұл ресурстардың бір бөлігі электроника, энергетика, машина жасау және заманауи технология өндірісінде кеңінен қолданылады.

Қазақстанда вольфрам қоры бойынша Қараоба учаскесі перспективалы саналады. Литийдің ресурстық базасы Қарағайлыактас, Ахметкино және Ахмировское учаскелерінде бар.

Молибденнің ірі кен орындары Қарағанды облысындағы Көктенкөл, Жоғарғы Қайрақты және Солтүстік Қатпар аумақтарында орналасқан. Абай облысында Айдарлы нысаны зерттеліп жатыр.

Қазіргі уақытта іздеу бағдарламасына енгізілген 11 учаскеде зерттеу жұмыстары аяқталды. Мамандардың бағалауынша, жаңа кен орындарын анықтау елдің стратегиялық шикізат қорын арттырып, тау-кен өндірісінің дамуына мүмкіндік береді.

Сирек және сирек жер металдарына әлемдік сұраныстың өсуі Қазақстан үшін бұл бағыттағы геологиялық барлауды күшейтудің маңызын арттырып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61