ҚОҒАМ

Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Жамбыл облысының Қордай ауданында, Гвардейск гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала анықталды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылды. Оқиға Қордай ауданындағы Гвардейск гарнизоны аумағында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала жақында дүниеге келген. Нәрестені медицина мамандары қарап шықты. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, қажетті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір баланың қоқыс контейнеріне қалай түскені және оқиғаға кімдердің қатысы бар екені анықталуда.

Құзырлы органдар барлық мән-жайды зерделеп, тиісті процессуалдық шешім қабылдайды. Полиция тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61