МӘДЕНИЕТ

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі 5%-ға артты

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 трлн теңгеге жуықтап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемі артып келеді. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5%-ға өсіп, шамамен 3 трлн теңгені құрады.

Биыл еліміздегі жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарға жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 597 мың гектарға артық. Егістік құрылымында дәнді және бұршақты дақылдар басым. Бұдан бөлек, майлы және мал азықтық дақылдарға арналған алқаптар да ұлғайған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында да оң динамика байқалады. Қаңтар-шілде айларында тамақ өнімдерін өндіру 13,9%-ға, ал сусындар өндірісі 1,7%-ға артқан. Өсім ет және балық өнімдері, өсімдік және сары май, сүт өнімдері, жарма, макарон, күріш, кондитерлік өнімдер мен өңделген көкөністер өндірісінде тіркелді.

Ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен отандық өнім есебінен қамтамасыз ету көрсеткіші 80%-дан 100%-ға дейін жетіп отыр. Бұл елдегі агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына да қолдау көрсетілуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша биыл жалпы құны 38,3 млрд теңге болатын 3 540 жоба қаржыландырылды.

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалар тұрғындарының бизнес бастамаларын қолдауға 5,4 мың жобаға 100 млрд теңге бағытталды. Қаражат ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа өндірістер ашуға және тұрғындардың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61