ДАМУ

Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысының келісімшартына қол қойылды

Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясының жобасы практикалық кезеңге өтті. Жоба бойынша жобалау, жабдық жеткізу және құрылыс жұмыстарын қамтитын келісімшарт жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:  pexels.com

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша маңызды қадам жасалды. Владивостокта «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатомның» еншілес кәсіпорны «Атомстройэкспорт» АҚ арасында келісімшартқа қол қойылды.

Құжат АЭС-ті жобалау, қажетті жабдықтарды жеткізу және станцияны салу жұмыстарын қамтиды. Қазақстанның Атом энергетикасы агенттігінің мәліметінше, келісімнің жасалуы алғашқы АЭС жобасын іске асырудың практикалық кезеңіне көшкенін білдіреді.

Енді тараптар жобаны жүзеге асыруға қажетті рәсімдерді жалғастырады. Оның ішінде Қазақстан Үкіметімен тиісті келісу жұмыстары жүргізіледі.

Осы уақытқа дейін алғашқы атом электр станциясы Балқаш көлінің маңындағы Үлкен ауылының жанында салынатыны хабарланған еді. Жобаның белсенді құрылыс кезеңін 2027 жылы бастау жоспарланып отыр.

АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық жүйесін дамыту және электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету мақсатындағы ірі жобалардың бірі саналады. Жаңа нысан елдің ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61