ДАМУ

Қазақстан экономикасы жеті айда 4,1%-ға өсті

Қазақстан экономикасы 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 4,1%-ға өсті. Нақты сектордағы өсім 4,7%-ды, қызмет көрсету саласындағы көрсеткіш 3,7%-ды құрады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанда жыл басынан бері экономикалық белсенділік жоғары деңгейде сақталды. Жеті айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 4,1%-ға жетті.

Нақты сектор 4,7%-ға өссе, қызмет көрсету саласында 3,7%-дық өсім тіркелді.

Ең жоғары көрсеткіш құрылыс саласында байқалды. Мұнда өсім 15,3%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі 9%-ға, көлік саласы 7,4%-ға артты.

Аталған көрсеткіштер экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштері құрылыс, өндіріс және көлік салалары болғанын көрсетеді. Жалпы, нақты сектордағы оң динамика ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етіп отыр.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61