ҚОҒАМ
Қазақстанда қазақтың ежелгі аңшы иті – тазыға арналған күн атап өтіледі. Ұлттық мұраның бір бөлігі саналатын бұл ит қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Sobakovod
Қазақтың тазысы ғасырлар бойы аңшылықта пайдаланылып, халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Жүйрік әрі төзімді ит қырағы көзі мен шапшаңдығының арқасында аң аулауда бағалы серік саналған.
Тазы қазақ халқының дәстүрлі түсінігіндегі «Жеті қазына» құрамына кіретін ұлттық құндылықтардың бірі. Оның ерекшелігі – дене бітімінің жеңілдігі, жоғары жылдамдығы және ұзақ қашықтыққа төзімділігі.
Соңғы жылдары тазы тұқымын сақтау және дамытуға да ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақстанда ұлттық ит тұқымын жүйелі түрде тіркеу, асылдандыру және халықаралық деңгейде таныту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Тазы қазақ халқының аңшылық мәдениетін ғана емес, ұлттық дәстүрі мен тарихи мұрасын да танытатын ерекше нышандардың бірі саналады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61