САЯСАТ

Арман Қырықбаев – Мәдениет және ақпарат министрі

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды. Ол ведомство басшысы лауазымында Аида Балаеваның орнын басты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Министр қызметін атқарған Аида Балаева 2023 жылдың қыркүйегінен бері ведомство жұмысына жетекшілік еткен.

Қырықбаев бұған дейін Президент Әкімшілігінде ішкі саясат пен коммуникациялар бағытына жауапты болды. 2025 жылғы 24 ақпаннан бастап Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.

Жаңа министр туралы

Арман Қырықбаев 1976 жылы Астанада туған. Жоғары білімін Қазақ мемлекеттік басқару академиясында алған. 1996 жылы «экономист» мамандығын меңгерген. 2002 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1996 жылы Сыртқы істер министрлігінен бастаған. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде де жұмыс істеген.

Кейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2008-2010 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне басшылық етті. Одан кейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және мәдениет және ақпарат вице-министрі болды.

2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінде жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары Nur Otan партиясының хатшысы болды. 2022-2024 жылдары Алматы әкімінің орынбасары қызметіне қайта келді.

2024-2025 жылдары Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімін басқарды. Кейін Мемлекет басшысының ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Арман Қырықбаевтың жаңа қызметіндегі негізгі бағыттар мәдениет, ақпарат салаларын дамыту және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырумен байланысты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61