САЯСАТ

Қазақстан мен Лаос экономикалық серіктестікті жаңа деңгейге шығармақ

Қазақстан мен Лаос сауда көлемін ұлғайтып, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы байланыстарды күшейтуді көздейді. Бұл мәселелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулиттің кеңейтілген құрамдағы келіссөзінде талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды. Қазақстан Лаосқа отандық өнім экспортын кеңейтуге мүдделі. Атап айтқанда, металл, азық-түлік, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, машина жасау және фармацевтика салаларындағы тауарларды жеткізу көлемін арттыру жоспарланып отыр.

Көлік және логистика саласында да бірқатар бастама ұсынылды. Қазақстан өз аумағы арқылы өтетін халықаралық дәліздерді пайдаланып, Лаос тауарларын Орталық Азия мен Еуропа нарықтарына жеткізуге мүмкіндік бар екенін атап өтті. Сонымен қатар Лаос арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығатын бағыттарды дамыту мәселесі көтерілді.

Инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру үшін Лаос бизнесіне Қазақстандағы Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды. АХҚО шетелдік инвесторларға қаржы және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған халықаралық стандарттарға негізделген алаң ұсынады.

Қазіргі таңда АХҚО платформасында әлемнің 90-нан астам елінен 6300-ден астам компания тіркелген. Оның құралдары арқылы Қазақстан экономикасына жалпы сомасы 27 млрд доллардан астам инвестиция тартылған.

Келіссөздерде сауда-экономикалық байланыстармен қатар, екі ел арасындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға бағытталған басқа да мәселелер қаралды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61