БІЛІМ
Қарағанды облысында 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында бизнес-идеялар байқауы басталды. Төрт номинация бойынша үздік атанған жобалардың авторларына 1 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Жасанды интеллект
Қарағанды облысында жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жаңа байқау жарияланды. Оған 18 жасқа толмаған мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатыса алады.
Байқауда қатысушыларға бірнеше бағыт бойынша өз жобаларын таныстыру ұсынылады. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу, IT және жасанды интеллект, робототехника, экология және өңдеу өнеркәсібі бар.
Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталады. Әр санаттың үздік жобасына 1 млн теңгеден сыйақы қарастырылған. Байқаудың жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрайды.
Іріктеу кезеңінде сарапшылар ұсынылған жұмыстардың ішінен ең үздік 20 жобаны таңдайды. Олардың авторлары финалдық кезеңде өз идеяларын қазылар алқасы алдында қорғайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты – жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, инновациялық идеяларды анықтау және оларды одан әрі дамытуға мүмкіндік беру.
Қатысуға өтінімдер 22 қыркүйекке дейін қабылданады. Байқау қорытындысы мен жеңімпаздардың есімі 29 қазанда жарияланады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61