ҚОҒАМ

Қазақстанда сапасыз бензин сатқандарға 5,7 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда жанармай сапасына жүргізілген тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталды. Сапа талаптарына сәйкес келмеген бензинді сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жасанды интеллект

Техникалық реттеу және метрология комитеті еліміздегі жанармай құю станцияларында сатылатын бензинге бақылау жүргізді. Тексеру барысында 22 отын үлгісі алынып, олардың бірқатарынан белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталған.

Заңбұзушылықтар Алматы қаласында, Қызылорда және Жетісу облыстарында тіркелді.

Алматыда АИ-100 маркалы бензиннің октан саны 100 орнына 99 болған. Сонымен қатар отындағы күкірт мөлшері рұқсат етілген деңгейден 3,3 есе жоғары шықты.

Қызылорда облысында АИ-95 бензинінің октан саны 92 деңгейінде анықталды.

Жетісу облысында АИ-92 бензиніндегі күкірт мөлшері 105 мг/кг-ға жеткен. Рұқсат етілген норма – 50 мг/кг. Бұл дерек бойынша шамамен 843 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы анықталған заңбұзушылықтар бойынша 5,7 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Қазір уәкілетті органның қарауында тағы 12 өтініш бар. Оның 9-ы Астана қаласынан, 2-еуі Солтүстік Қазақстан облысынан және 1-еуі Павлодардан түскен.

Бұған дейін азаматтардың шағымдарынан кейін Сауда және интеграция министрлігі бензин сапасын өндіруші зауыттардан бастап жанармай құю станцияларына дейін тексеріп жатқанын хабарлаған болатын.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61