ҚОҒАМ

Астана әуежайының шығыны 6,9 млрд теңгеге жетті

Астана халықаралық әуежайы 2025 жылды 6,9 млрд теңге шығынмен аяқтады. Кәсіпорынның өтелмеген жинақталған шығыны 36 млрд теңгеге жеткен,деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Фото: Ашық дереккөз

Әуежайдың қаржылық жағдайын жақсарту үшін антикризистік бағдарлама іске қосылды. Компания басшылығы қолданыстағы тарифтердің экономикалық негізділігін қайта қарауды, қызметтердің өзіндік құнын төмендетуді және ішкі резервтерді тиімді пайдалануды жоспарлап отыр.

Кәсіпорынның жұмысына бірнеше фактор әсер еткен. Олардың қатарында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары бар. Жөндеу кезінде әуежайдың күндізгі уақытта жұмыс істеуіне шектеу қойылған.

Бұдан бөлек, авиациялық керосин бағасының өсуі және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты халықаралық рейстердің тоқтатылуы да қаржылық көрсеткіштерге әсер етті. Есепті кезеңде шамамен 1,1 мың рейс тоқтатылған.

Компанияның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жиынтық табыс 4 млрд теңгені құрады.

Қазір әуежай басшылығы шығындарды азайтып, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асырып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61