СПОРТ

Ернұр Сүлеймен қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Ернұр Сүлеймен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sportarena.kz

Астанада өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен жарыс жалғасуда. 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ернұр Сүлеймен қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың алтын жүлдесін иеленді.

Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы шеберлігін көрсетіп, жеңіске жетті. Нәтижесінде Ернұр Сүлеймен өз салмағында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.

Бұл жүлде Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медаль болып қосылды.

Қазақ күресі – Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі спорт түрлерінің бірі. Додада қазақстандық балуандар ұлттық спорттағы шеберлігін көрсетіп, жоғары нәтижелерге таласып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61