САЯСАТ
Атырау облысында жалпы құны 8,5 трлн теңгеден асатын 108 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Жобалар іске қосылған жағдайда өңірде 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Бұл туралы облыс әкімі Болат Ақшолақов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының делегациясымен кездесуде мәлімдеді.
Жоспарға өндіріс, энергетика және өңір экономикасының басқа да бағыттарындағы жобалар енгізілген. Олардың жүзеге асуы Атырау облысының инвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
2026 жылдың соңына дейін өңірде жалпы құны 735,5 млрд теңгеге жуық 28 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Инвестициялық белсенділік биылдың өзінде жоғары деңгейде. Қаңтар-шілде айлары аралығында Атырау облысына негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 890,7 млрд теңгеге жеткен.
Жалпы, 108 жобаның іске асуы өңірдегі өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа кәсіпорындардың ашылуына және жұмыспен қамту деңгейінің артуына ықпал етпек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61