ҚОҒАМ
Қарағандыдағы «Қарабас» полигонында Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында күрделі біліктілік сынағы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: gov.kz
Қарағанды облысындағы «Қарабас» полигонында «Краповый берет – 2026» атты іріктеу сынақтары ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты.
Биылғы сынақ бағдарламасына жаңа талап енгізілді. Әскери қызметшілер алғаш рет FPV-дрондарды басқару бойынша норматив тапсырды. Сонымен қатар кандидаттар бірнеше күрделі кезеңнен өтті.
Олардың қатарында 65 шақырымдық марш-бросок, таулы-тасты жермен қозғалу, жаралы адамды тасымалдау, кедергілер жолағынан өту, противогазбен жүгіру, окоп қазу, топографиялық бағдарлау, су кедергісінен өту және атыс жаттығулары болды.
Сынақ кезінде сарбаздар шартты қарсыластың шабуылын тойтару, қоян-қолтық ұрыс жүргізу және атыс кезіндегі әрекеттер бойынша да шеберліктерін көрсетті.
Іріктеуге қатысқан 101 үміткердің тек 13-і барлық талапты орындап, краповый берет тағу құқығына ие болды. Бұл берет арнайы мақсаттағы әскери қызметшілер үшін кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін білдіретін маңызды белгі саналады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61