ҚОҒАМ

«Қазақтелеком» халықаралық серіктестерін марапаттады

Алматыда International Carrier Meeting 2026 кездесуі өтіп, оған шетелдік жетекші телекоммуникациялық компаниялардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: «Қазақтелеком» баспасөз қызметі

 

2 қыркүйекте Алматыда «Қазақтелеком» АҚ ұйымдастырған International Carrier Meeting 2026 шарасы өтті. Кездесуге China Telecom, China Unicom, China Mobile, «МегаФон», «Ростелеком» және басқа да халықаралық операторлар қатысты.

Іс-шарада халықаралық цифрлық инфрақұрылымды дамыту, деректер транзитін кеңейту және жаңа серіктестік жобалар талқыланды. Сонымен қатар телекоммуникация саласына үлес қосқан шетелдік компанияларға марапаттар табысталды.

3–4 қыркүйекте Алматыда өткен CIS GCCM 2026 конференциясында «Қазақтелеком» өкілдері 5G, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық инфрақұрылым мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында «Қазақтелеком» мен әзербайжандық AzerTelecom Int. бірлесіп жүзеге асырып жатқан Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасының барысы таныстырылды. Теңіз бөлігіндегі кабель төсеу жұмыстары аяқталған, ал жобаны толық коммерциялық пайдалануға 2027 жылдан бастап беру жоспарланып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61